«Білімпазға» барғанмын

- Әріптерді сен тегі
Танисың ба?
-Танимын.
-Оқуға дайынсың ба?
-Дайынмын,-
Деді дағы
«Сауат ашуды» қолға алып,
Кідірмей де мүдірмей,
Дыбысталуын бүлдірмей,
Оқи ала жөнелді.
Сыныптастары құлақ түрді таңданып...
Нұрфараби осы сәтті аңғарып,
«Білімпазға» барғанын,
Жаз бойы сабақ алғанын,
Айтты сонсоң жыр қылып.
Арқасынан қағып апайы
Риза боп тұр күліп.
Сүлеймен Баязитов

image

Шамаң келсе...

Сулеймен Баязитов

Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын-тойларында сол әнді шырқауме...