Шамаң келсе...

Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын-тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.

Сол әндегі:
- Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса,- деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады.

Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде?
Оған әртүрлі жауап беруге болады.

Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес. Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді.
Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.

Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.
Сүлеймен Баязитов

image

«Білімпазға» барғанмын

Сулеймен Баязитов

- Әріптерді сен тегі Танисың ба? -Танимын. -Оқуға дайынсың ба? -Дайынмын,- Деді дағы «Сауат ашуды» қолға алып, Кідірмей де мүдірмей, Дыбысталуын бүлдірмей, О...